Тэги:  


Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады. 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.

Ctrl
Enter
Заметили ошЫбку
Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter

Похожие новости

Комментарии (0)