🌲 ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!
🌱 Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен №2 орта мектеп оқушылары бірлесіп 2025 жылы кәдімгі қарағай тұқымдарын отырғызған болатын. Биыл сол тұқымнан өсіп шыққан қарағай өсімдерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
🌿 Бұл игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және табиғатқа деген жанашырлықты арттыру.
🌲 Қарағай – ауаны тазартып, топырақты қорғайтын әрі экожүйенің сақталуына үлкен үлес қосатын табиғат байлығы.
Бүгін отырғызылған әр көшет – ертеңгі жасыл болашақтың бастауы.
💚 Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Бірге табиғатты қорғайық!
————————————
🌲 ЗЕЛЕНЫЙ КАЗАХСТАН НАЧИНАЕТСЯ С НАС!
🌱 Забота о природе – это важный шаг в будущее.
В рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» сотрудники Улытауского государственного национального природного парка совместно с учащимися средней школы №2 в 2025 году посадили семена сосны обыкновенной. В этом году были проведены работы по высадке подросших саженцев, выращенных из этих семян.
🌿 Главная �
KZ

