🔹 Ұлытауда экология мәселелері назарда: қалдықтарды басқару бойынша түсіндіру жұмыстары
🌱 Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару – экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі. Осы бағытта Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлеріне арнайы түсіндіру және таныстыру жұмыстары жүргізілді.
🌱 Іс-шара барысында табиғатты қорғау талаптарын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, жинау және қауіпсіз жою мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға экологиялық заңнаманың негізгі талаптары, сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтарда тұрмыстық қалдықтарды басқарудың маңыздылығы түсіндірілді.
🌱 Мамандар қоршаған ортаны ластаудың алдын алу әрбір қызметкердің жауапкершілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, табиғи аумақтарда тазалықты сақтау тек заң талабы ғана емес, болашақ ұрпаққа деген қамқорлық екені де ерекше айтылды.
🌱 Мұндай түсіндіру жұмыстары табиғатты қорғау мәдениетін арттыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
KZ

