🔹 Ұлытау ұлттық паркінде табиғатты қорғауға арналған жарқын шаралар өтті
🌱 Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында «Парктер шеруі» халықаралық акциясы аясында салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру.
🌱 Шара барысында келушілерге ұлттық парктің табиғи ерекшеліктері таныстырылып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
🌱 Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Өркен балабақшасы бүлдіршіндерімен бірлесіп, құстарға арналған ұялар ілінді. Балалар табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын түсініп, өз қолдарымен жасаған ұяларын ағаштарға орнатты.
Бұл игі шара жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды.
KZ

