Skip to content

🔹 Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары…

🔹 Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары бірлесіп, табиғатты қорғауға бағытталған игі іс-шара өткізді.

Парктер шеруі аясында оқушылар мен парк қызметкерлері құстарға арналған арнайы ұялар жасап, оларды табиғи аймақтарға орнатты. Бұл бастама құстардың қауіпсіз мекендеуіне жағдай жасап қана қоймай, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Осындай экологиялық шаралар арқылы оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйренеді.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Құстарға қамқорлық жасау арқылы біз табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға өз үлесімізді қосамыз. 🌱🐦