📍 Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 4 жыл!
Бүгін біз еліміздің тарихи-рухани және табиғи байлығының жүрегіне айналған Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 4 жыл толғанын атап өтеміз.
2021 жылы құрылған парктың негізгі мақсаты –
🌿 бірегей табиғи экожүйені сақтау,
🦅 жабайы жануарлар мен құстардың сирек түрлерін қорғау,
🏔 тарихи-мәдени ескерткіштерді болашақ ұрпаққа аман жеткізу.
Ұлытау – қазақтың ұлы тарихы бастау алған, ел бірлігінің символына айналған өңір. Осы төрт жыл ішінде парк аумағында:
✔ экологиялық мониторинг жұмыстары жанданды,
✔ туристік бағыттар кеңейтіліп, инфрақұрылым жақсарды,
✔ табиғатты қорғау шаралары күшейтілді,
✔ жас ұрпаққа экобілім беру ісі жүйелі түрде жүргізілуде.
Ұлы даланың жүрегіндегі Ұлытау – тек табиғат емес, халқымыздың рухы мен тамыры.
Туған жердің табиғатын аялап, қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Ұлытаудың асқағы өрлей берсін!
Табиғатымыз мәңгі жасыл, тарихымыз мәңгі жарқын болсын!
KZ


