Skip to content

Ұлттық консультация: Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру және Ұлытау өңірінің табиғи-мәдени мұрасын сақтау

Бүгінде «Тұран жолбарысының реинтродукциясына жағдай туғызу және Ұлытау таулы массивінің тарихи-мәдени және табиғи нысандарын сақтап қалуда қолдау көрсету» жобасы аясында ұлттық деңгейдегі консультациялық жұмыстар басталды.

Кездесу барысында сарапшылар мен мүдделі тараптар жолбарысты бұрынғы ареалына қайта әкелу мүмкіндіктерін, экожүйенің жай-күйін, сондай-ақ Ұлытау өңірінің бірегей табиғи және тарихи нысандарын қорғау тетіктерін талқылауда.

Бұл бастама – еліміздің биологиялық көптүрлілігін қалпына келтірумен қатар, Ұлытаудың табиғи және мәдени мұрасын ұзақ мерзімді сақтауға бағытталған маңызды қадам.

#ТұранЖолбарысы #Ұлытау #ҰлттықКонсультация #Экожүйе #ТабиғаттыҚорғау #МұраныСақтау