🌿 Таза өлке – жарқын болашақ! 🌿
Ұлытау мемлекеттік тарихи-қорық мұражайы мен еріктілер бірлесе отырып «Таза өлке» экологиялық акциясын өткізді.
Акция барысында табиғатты қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
🌱 Шараға қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, туған өлкенің сұлулығын сақтауға өз үлестерін қосты.
✨ Мұндай игі істер – болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдырудың кепілі.
#ТазаӨлке #Ұлытау #Еріктілер
KZ















