🔹Табиғатты сақтау басты мақсат
«Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларға арналған биотехния шаралары өткізілді. Аталған іс-шараға аңшылықтанушы, биолог және мемлекеттік инспекторлар қатысып, жануарлардың табиғи тіршілігін қолдау, қыста тіршілік ету мүмкіндігін арттыру және экожүйенің тұрақтылығын сақтау мақсатында қажетті азықтар берді.
KZ










