🌿 Табиғатты қорғау – ортақ парыз! 🌿
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі мен экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Қаракеңгір ауылдық округіндегі №4 мектеп оқушыларына биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға табиғат байлығын қорғаудың маңызы, жабайы жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың жолдары түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі айтылды.
🌱 Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал етеді.
#ҰлытауҰТП #Экология #Биоалуантүрлілік #ТазаБолашақ
KZ

