🔥 Өрт маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді
🍃 Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және Ұлытау ауданы №5 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері орман өрт қауіпті маусымына дайындық жұмыстары жүргізді.
Дайындық барысында өрт сөндіру техникаларының техникалық жай-күйі жан-жақты тексеріліп, олардың толыққанды жұмыс істеу қабілеті қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жеке құрамның әзірлік деңгейі пысықталып, өрт кезінде жедел әрекет ету тәртібі бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.
🚒 Аталған шаралар орман алқаптарында өрттің алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында жүзеге асырылуда.
🌿 Табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
KZ

