Skip to content

🔥 Өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары тексерілді 💥 Өрт қауіпті…

🔥 Өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары тексерілді

💥 Өрт қауіпті маусымына дайындық аясында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан«Ұлытау» демалыс орнында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және өртке дайындық жұмыстарының орындалуына комиссиялық тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында өртке қарсы құрал-жабдықтардың жарамдылығы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының дайындығы, аумақтың санитарлық жағдайы, минералданған жолақтардың жай-күйі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы назарға алынды.

Комиссия тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою тапсырылды.

Өрт қауіпсіздігі – табиғатты қорғаудың маңызды кепілі. Барша тұрғындар мен демалушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.