🔥 «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
2026 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Арғанаты орманшылығында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
✔️ Оқу-жаттығуға:
— «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
— Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі;
— азаматтық қорғау қызметтері;
— «Ауыл құтқарушылары» бекеті қатысты.
🚒 Жаттығу барысында:
• орман алқабындағы шартты өрт ошақтары анықталды;
• өртті оқшаулау және сөндіру тактикалары пысықталды;
• қызметтердің өзара іс-қимылы тексерілді;
• арнайы техника мен жеке құрамның дайындығы бағаланды.
⚠️ Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи өрттердің алдын алу, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және қызметтердің үйлесімді жұмысын жетілдіру.
_________________________
🔥Проведено республиканское командно-штабное учение «Өрт-2026»
В рамках подготовки к пожароопасному периоду 2026 года в Арганатинском лесничестве Государственного национального природного парка «Ұлытау» было организовано республиканское командно-штабное учение «Өрт-2026».
В учении приняли участие:
— Государственный национальный природный парк «Ұлытау»;
— отде�
KZ

