🔥 Орман өртіне қарсы оқу-жаттығу 🔥
Ұлытау ауданында облыстық деңгейде тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Шартты жағдай бойынша найзағай түсу салдарынан құрғақ шөп пен орман алқаптарында өрт орын алған.
🌿 Шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде өртті дер кезінде сөндіру, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тілсіз жаудан қорғау.
Бұл оқу-жаттығуға Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де белсене қатысып, орман өртіне қарсы іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтады.
✅ Табиғатты сақтау – ортақ парызымыз, ал өрттің алдын алу – ең басты қорғаныс!
#ҰлытауҰТП #ОрманӨрті #ОблыстықОқужаттығу #Экология
KZ

