💧 «Мөлдір бұлақ» акциясы Ұлытау өңірінде 💧
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Гүлсара ана және Тасбұлақ бұлақтарының маңайын тазалау жұмыстарын жүргізді. 🌿
Бұл шараның мақсаты – табиғи бұлақтарды қорғау, тазалық сақтау арқылы олардың мөлдірлігін болашақ ұрпаққа жеткізу.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ парызымыз! 🌍
#ҰлытауМҰТП #МөлдірБұлақ #Экология #ТабиғаттыҚорғау #ЭкоАкция
KZ

