Skip to content

🔹 Құстарға қамқорлық 🍃 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және…

🔹 Құстарға қамқорлық

🍃 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және «Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Құстарға қамқорлық» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және құстарға қамқорлық жасаудың маңызын түсіндіру.

Шара барысында оқушылар табиғатты қорғау жұмыстарына белсене қатысып, құстарға арналған ұялар жасап, оларды табиғи ортаға іліп орналастырды. Бұл игі іс құстарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌍💚

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі #Ұлытау #Экология #ҚұстарғаҚамқорлық ТабиғаттыАялау