🎉 Құрметті Жанпейсов Бауржан!
Сізді Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы және кәсіподақ ұйымы атынан зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау жолындағы еңбегіңіз, адалдығыңыз бен кәсібилігіңіз – баршамызға үлгі. Сіз еңбек еткен жылдар ішінде ұжымның дамуына зор үлес қосып, әріптестеріңіздің құрметіне бөлендіңіз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт тілейміз! Алдағы өміріңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын!
🌿 Ізгі тілекпен,
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы және кәсіподақ ұйымы
KZ






