🌲 Құрметті орман саласының қызметкерлері мен табиғат жанашырлары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орманшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орман – табиғаттың тынысы, ел байлығының алтын діңгегі. Орманшылардың еңбегі – ел экологиясын жақсарту мен ұрпаққа жасыл мұра қалдыру жолындағы зор үлес. Сіздердің күнделікті адал қызметтеріңіз, табиғатқа деген жанашырлықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз халқымыздың игілігіне бағытталған игі іс болып табылады.
Табиғатты аялау – туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Осы игі жолдағы еңбектеріңіз әрдайым табысты, өмірлеріңіз ормандай жасыл, қуанышқа толы болсын!
🌿 Ізгі тілекпен
“Ұлытау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
директоры Ғалым Қанатұлы
“Ұлытау” МҰТП ұжымы
#ОрманшыларКүні #ҰлытауҰлттықПаркі #ТабиғаттыҚорғайық #ЖасылЕл
KZ


