Skip to content

🦅 Кәдімгі күйкентай – табиғаттың қырағы қыраны 🦅 Сіз білесіз…

🦅 Кәдімгі күйкентай – табиғаттың қырағы қыраны

🦅 Сіз білесіз бе?

Күйкентай аң аулау кезінде ауада бір орында қалықтап тұрып, қанатын жиі қаға алады. Осылайша ол жердегі жемтігін дәл бақылап, кейін кенеттен төмен қарай құлдилап ұстайды. Бұл қасиеті оны ең епті жыртқыш құстардың бірі етеді.

🦅 Территорияны барлау жұмыстары барысында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшылық басшысы Ескенов Қ. күйкентайдың балапанын байқап, оның қауіпсіз ұшуына көмектесті. Табиғаттың әрбір тіршілік иесіне қамқорлық көрсету – табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі.

Табиғатты бірге қорғайық! 🌿🦅