🌿 Экологиялық тәрбие – табиғатты қорғаудың бастауы
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы мен “Парктер шеруі” бастамасы аясында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері «Өркен» бөбекжайының тәрбиеленушілерімен бірлесіп тағылымды іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында бөбекжай ауласына жас ағаш көшеттері отырғызылып, бүлдіршіндерге табиғатты қорғаудың маңызы мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау қажеттілігі түсіндірілді. Табиғатқа деген сүйіспеншілік кішкентай кезден қалыптасатынын ескере отырып, балалар белсенділік танытып, ағаш отырғызу жұмысына ерекше ықыласпен қатысты.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Әрбір отырғызылған көшет – келешекке бағытталған игі қадам, ал бүгінгі еңбек – ертеңгі жасыл әлемнің негізі 🌱🌍
KZ

