🔹 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 40 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция 🏞️
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Табиғатты және биоалуантүрліліктің бүкіл кешенін сақтау жолдары» атты екі күндік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға еліміздің әр өңіріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан (ЕҚТА) келген мамандар мен ғалымдар қатысты. Конференция барысында қатысушылар табиғатты қорғау, экожүйелердің тұрақтылығын сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау бағытындағы өз тәжірибелері мен ғылыми зерттеулерін ортаға салды.
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы да «Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биоалуантүрлілігін сақтау» тақырыбында баяндама жасап, өңірдің табиғи байлығы мен жүргізіліп жатқан экологиялық зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Мұндай ғылыми басқосулар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы тәжірибе алмасуға, табиғатты сақтау ісіндегі өзара ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық мәдениетті арттыруға үлкен серпін береді. 🌿
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымын 40 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғатты аялау жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, еліміздің экологиялық болашағына қосқан үлестеріңіз арта берсін! 🌲🌍
KZ

