Skip to content

🔍 Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде заңсыз ағаш кесудің алдын алу…

🔍 Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде заңсыз ағаш кесудің алдын алу мақсатында рейд өткізілді

2025 жылғы ___ қыркүйекте Ұлытау ауданы полиция бөлімі жанындағы табиғатты қорғау полициясы және «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері бірлесіп, орман заңнамасының сақталуын бақылау және заңсыз ағаш кесудің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

🔎 Іс-шара барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзу деректері тексеріліп, орман алқаптары мен шабындық аумақтарда рұқсатсыз ағаш кесу фактілеріне жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📌 Ескерту: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-бабына сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Ал аса ірі көлемде заңсыз ағаш кесу фактілері үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

✅ Табиғат – ортақ байлығымыз. Оның сақталуы әрбір азаматтың саналы әрекетіне тікелей байланысты. Орман қорына залал келтірмеу – болашақ ұрпақ алдындағы басты міндетіміз.

📞 Заңсыз ағаш кесу немесе табиғатқа зиян келтіру фактілерін байқасаңыз, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.