🔥 Табиғаттағы қауіпсіздік – ортақ міндет!
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, Ұлытау ауданы полиция бөлімі және №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары демалыс аймақтарында туристерге орман өртінің алдын алу және «Заң және тәртіп» қағидаттары аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Демалушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, табиғатты қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жадынамалар таратылды.
🌿 Табиғатты бірге қорғайық!
🔥 Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!
KZ







