Skip to content

🦅 Қызыл кітапқа енген дала қыранының балапандары объективке ілінді ✨…

🦅 Қызыл кітапқа енген дала қыранының балапандары объективке ілінді

✨ Ұлттық парк аумағында жүргізілген кезекті барлау жұмыстары барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген дала қыранының балапандары мемлекеттік инспектордың объективіне ілінді.
Сирек кездесетін құстың балапандарын орман шебері Арипов А. аумақты бақылау барысында суретке түсіріп алды.

Дала қыраны – табиғи экожүйедегі маңызды жыртқыш құстардың бірі. Оның ұлттық парк аумағында мекендеуі мен ұрпақ өрбітуі өңірдегі биоалуантүрліліктің сақталғанын көрсетеді.

Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары сирек кездесетін жануарлар мен құстардың тіршілігін тұрақты бақылап, оларды қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
__________

🦅 Птенцы степного орла, занесенного в Красную книгу, попали в объектив

✨ Во время очередного патрулирования территории национального парка птенцы степного орла, занесённого в Красную книгу Казахстана, попали в объектив государственного инспектора.

Редкие кадры были сделаны мастером леса Ариповым А. в ходе наблюдения за территорией.

Степной орел является одним из важных хищных видов и играет значительную роль в поддержании природного баланса. Его обитание и успешное выведение потомства на территории национального парка свидетельствуют о благоприятном состоянии природной среды.

Специалисты Государственного национального природного парка «Ұлытау» продолжают работу по мониторингу и охране редких видов животных и птиц.