Skip to content

🏔️ Іле Алатауында өткен халықаралық конференция 2026 жылғы 18–19 маусым…

🏔️ Іле Алатауында өткен халықаралық конференция

2026 жылғы 18–19 маусым күндері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Аталған маңызды іс-шараға Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен директордың орынбасарының м.а. Рахманиянов Е.Е. және ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Әбіш Е.Қ. қатысты.

Конференция аясында ҒАжЭМ бөлім басшысы «Ұлытау тауы: таулы экожүйелердегі экология және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында ғылыми мақала ұсынып, спикерлер қатарына енді. Сонымен қатар, «Жаһандық климаттық өзгерістер және таулы экожүйелердің тұрақтылығы: заманауи үрдістер» атты 4-секцияда баяндамасын қорғап шықты.

Іс-шара барысында Еуразия кеңістігіндегі тау экожүйелерін сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және климаттық өзгерістерге бейімделу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, 19 маусым күні Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Сиверс алмасы» соқпағының ресми ашылу салтанаты өтті.

Конференция қорытындысы бойынша спикерлер арнайы сертификаттармен марапатталды.

Осындай ауқымды халықаралық іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғау саласындағы үздік тәжірибелерді бөлісуге зор мүмкіндік береді.

🌿🤝 Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұжымға табиғатты қорғау жолындағы игі еңбектеріне табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!