Skip to content

🌿 Парктер шеруі – 2026 табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты…

🌿 Парктер шеруі – 2026 табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті

Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

Акция аясында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Жасыл ел жастар жасағының қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар жастар арасында табиғатқа жанашырлықты насихаттау мақсатында «Жасыл ойын» экологиялық танымдық ойыны өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.

Іс-шара барысында белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталып, акцияның қорытындысы шығарылды.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар туған өлкеміздің табиғи байлығын сақтауға және болашақ ұрпаққа аманат етуге бағытталған.

💚 Табиғатты бірге қорғайық!
🌱 Жасыл болашақты бірге қалыптастырайық!

________

🌿 «Марш парков – 2026»
Торжественная церемония закрытия природоохранной акции

В Улытауском государственном национальном природном парке состоялась церемония закрытия природоохранной акции «Марш парков �