Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – татулық пен келісімнің, бірлік пен өзара құрметтің жарқын белгісі. Табиғаты көркем, тарихы терең Ұлытау өңірінде бейбітшілік пен ынтымақ әрдайым салтанат құра берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз!
Ізгі тілекпен,
“Ұлыта мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Ғалым Қанатұлы және Ұлытау МҰТП ұжымы
KZ


