Skip to content

🔹”Мен оқыған 10 кітап” атты акциясы Кітап оқу – жақсы…

🔹”Мен оқыған 10 кітап” атты акциясы

Кітап оқу – жақсы әдеттердің бірі.

Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Қойшыбаев Қанат Ғалымұлы бос уақытында әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқуды ерекше жақсы көреді.

«Мен оқыған 10 кітап» акциясы аясында осы уақытқа дейін оқыған ең үздік 10 кітабымен бөлісті.

Ғалым Қанатұлының айтуынша, бұл кітаптардың әрқайсысы оның ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге жаңаша көзқараспен қарауға ықпал еткен.

Табиғат, тарих, өмір туралы сан түрлі бағыттағы бұл еңбектер әр оқырманға өзінше әсер қалдырары сөзсіз.

Бәлкім, сен де осы тізімнен өзіңе ерекше әсер ететін, ой салатын бір кітапты табарсың. 📚