Skip to content

🌳 Бірлік пен табиғат: Ұлытауда ағаш отырғызу акциясы өтті 🌿…

🌳 Бірлік пен табиғат: Ұлытауда ағаш отырғызу акциясы өтті

🌿 “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері Ұлытау ауданы әкімшілігімен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп, кең көлемді ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.

☘️ Игі шара ауданның орталық саябағында және Әулиетау туристік маршруты бойында орналасқан Ембұлақ (Гүлсара ана бұлағы) аумағында өтті. Акция барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, табиғатты көркейтуге бағытталған жұмыстар жүргізді.

☘️ Жаппай ағаш отырғызу акциясының басты мақсаты – өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желекті көбейту және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, бұл бастама тұрғындарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге және туған жердің табиғатын сақтауға үндейді.