🕊️ Халықаралық құстар күніне арналған игі іс
🌿 1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Арғанаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары №2 қорғасын орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп ерекше акция ұйымдастырды.
🐦 Акция барысында оқушылар өз қолдарымен құстарға арналған ұялар жасап, табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті. Белсенді қатысқан оқушылар марапаттарға ие болды.
💚 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! Осындай шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
#ҚұстарКүні #Ұлытау #ТабиғаттыҚорғау #ЭкоАкция #Жастар Қазақстан
KZ

