🌿 Ұлытауда туристік маусым ашылды!
2026 жылғы жазғы туристік маусымға орай Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы танымал екі бағыт – «Әулиетау» және «Едіге тау» туристік маршруттары ресми түрде ашылғанын хабарлаймыз.
🏞 «Әулиетау» бағыты – рухани маңызы зор, табиғаты көркем аймақ арқылы өтеді.
⛰ «Едіге тау» маршруты – тарихи аңыздарға бай, белсенді демалысты ұнататын жандарға арналған.
⚠️ Туристерге табиғатты қорғау ережелерін сақтап, белгіленген соқпақтармен жүру ұсынылады.
✨ Ұлытау өңірінің көркем табиғатын тамашалап, тарихи орындармен танысқысы келетін баршаңызды жазғы туристік маусымға шақырамыз!
💰 Қызмет құны:
• Туристік маршрутқа кіру (1 адам/тәулік): 648,75 тг
• Көлік тұрағы: 432,5 тг
• Экскурсия жүргізуші/жолсерік: 821,75 тг
• Жеңіл көлік: 1730 тг
• 16 орынға дейінгі шағын автобус/жүк көлігі: 8650 тг
• 32 орынға дейінгі автобус: 17 300 тг
• 32 орыннан жоғары автобус: 25 950 тг
📍 Құрметпен,
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
KZ


