🔹 Ұлытау – ұрпаққа аманат: заңды сақтайық, табиғатты қорғайық!
🌿 Ұлытау ұлттық паркі – еліміздің тарихи әрі табиғи құндылығы жоғары ерекше аймақтарының бірі. Бұл жер тек әсем табиғатымен ғана емес, ұлттық мұрамызбен де тығыз байланысты.
🚫 Заң бұзушылыққа жол бермейік:
• Рұқсатсыз аң аулау және балық аулау;
• Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлу;
• Қоқыс тастау және табиғатты ластау;
• Орманды заңсыз кесу;
• Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау;
• Белгіленбеген жерлерде көлікпен жүру.
⚖️ Есіңізде болсын: табиғатты қорғау заңмен бекітілген. Заң бұзған тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
🌱 Әрқайсымыз табиғатқа жанашырлықпен қарасақ, Ұлытау ұлттық паркі өзінің әсем қалпын сақтап қалады.
📢 Табиғатты қорғау – тек мамандардың емес, барша халықтың міндеті!
Болашақ ұрпаққа таза әрі көркем табиғатты бірге сақтайық!
KZ


