Skip to content

🔹 16 ақпан күні Ұлытау МҰТП және Ұлытау облысы кәсіпкерлер…

🔹 16 ақпан күні Ұлытау МҰТП және Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде Ұлытау МҰТП-ның 2025 жылға арналған есебі тыңдалып, ұлттық паркті дамыту бағытындағы негізгі міндеттер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Отырыста:
✔️ туристік инфрақұрылымды жетілдіру
✔️ сервистік қызмет сапасын арттыру
✔️ жаңа туристік бағыттарды дамыту
✔️ өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында қатысушылар ұлттық парк аумағында туризмді жүйелі дамытуға қатысты нақты ұсыныстарын білдіріп, алдағы кезеңге бірлескен жоспарлар айқындалды.

Ұлытау – тарих пен табиғат тоғысқан киелі мекен. Ортақ мақсат – оның туристік тартымдылығын арттырып, тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

#Ұлытау #Туризм #ҰлттықПарк #КәсіпкерлерПалатасы #2025Жоспар