🔹 Ата заң және табиғат тағдыры: Ұлытауда ашық пікір алмасу
2026 жылғы 30 қаңтарда ұсынылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау аясында Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері арасында арнайы жиын өтті.
Жиын барысында Ата заң жобасында қамтылған негізгі бағыттар, соның ішінде мемлекет пен қоғамның жауапкершілігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ экология мен табиғатты қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, Конституцияның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.
Ұлттық парк қызметкерлері табиғатты қорғау саласында еңбек ететін мамандар ретінде экологиялық қауіпсіздік пен табиғи мұраны сақтау мәселелерінің Конституция деңгейінде айқын көрініс табуы аса маңызды екенін атап өтті.
Мұндай талқылаулар – қоғамның белсенді қатысуын арттырып, ел дамуының стратегиялық бағытын бірлесе айқындауға мүмкіндік береді.
#ЖаңаКонституция #Ұлытау #ҰлттықПарк #ҚоғамдықТалқылау
KZ

