🔹 Қарсақпай агротехникалық колледжі студенттеріне биоалуантүрлілікті сақтау бойынша практикалық дәріс өтті.
Қарсақпай агротехникалық колледжі студенттеріне Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі, сондай-ақ Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында практикалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер Ұлытау МҰТП-ның жалпы қызметімен, қорғалатын табиғи аумақтың маңызымен, биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, экологиялық мониторинг жүргізу, табиғи кешендерді қорғау, экологиялық ағартудың маңызы және экотуризмді дамыту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара студенттердің табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.
KZ

