🔹 «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде демалушыларға өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ұлттық парктің «Әулиетау» туристік соқпағында қызметкерлер тарапынан келушілерге өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау, орман-тоғай алқаптарында өрттің алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Демалушыларға отты абайлап пайдалану, арнайы белгіленбеген жерлерде от жақпау, қоқысты өртемеу және табиғи ортаға зиян келтірмеу жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел хабарлау тәртібі түсіндірілді.
Ұлттық парк ұжымы әрбір азаматты табиғатты аялауға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
KZ



