Skip to content

🔹 Ұлытауды білесің бе? Ұлытау — қазақ халқының тарихи жады…

🔹 Ұлытауды білесің бе?

Ұлытау — қазақ халқының тарихи жады мен ұлттық рухының алтын бесігі. Бұл қасиетті мекенді халық “Ұлт ұясы” деп бекер атамаған. Себебі дәл осы жерде елдің бірлігі бекіп, хандардың туы тігілген, ұлы тұлғалар жерленіп, халықтың тағдыры шешілген. Әрбір тасы – тарих, әрбір жотасы – жады, әрбір биігі – баба үнімен сыр шертеді.Бұл өлке — табиғат пен тарихтың тоғысқан тұсы. Мұнда асқақ таулар мен мөлдір бұлақтар, кең далалар мен киелі шоқылар бір-бірімен үндесе, табиғат пен адамзаттың жарасымын паш етеді. Ұлытаудың биік нүктесі — Әулиетау шыңы. Атауының өзі айтып тұрғандай, бұл мекен — халықтың рухани тыныс алатын, тылсым сырға толы мекені.Ұлытау — тек өткеннің шежіресі ғана емес, бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар. Ұлытау ұлттық табиғи паркі –табиғат пен тарихтың тоғысқан орны. Бұл аймақ тек қана табиғи байлықтарымен емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани, тарихи жадысымен де ерекшеленеді. Оның дамуы — экологияны, мәдениетті және ұлттық болмысты сақтауға бағытталған маңызды мекен. Ол – болашақ ұрпаққа аманат етілген табиғат пен тарихтың алтын көпірі.

Ұлытау — ұлттың ұясы,
тарихтың темірқазығы,
болашаққа бағдар болар бабалар аманаты.