🔹 Жарақаттанған дала қыраны табиғи мекеніне қайта оралды
2025 жылғы 9 қыркүйекте парк қызметкерлері табиғат қорғау іс-шаралары барысында Қызыл кітапқа енген дала қыранын жарақат алған күйінде тауып, дер кезінде алғашқы көмек көрсеткен болатын. Қанаты сынған құс ветеринар мамандардың бақылауында біраз уақыт емделді.
Кәсіби күтім мен баптаудың арқасында қыран толықтай сауығып, қанатын қатайтты. Бүгін Ұлытау ұлттық табиғи паркі қызметкерлері оны табиғи ортасына қайта ұшырды.
Бұл оқиға парк аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Ұлытау ұлттық табиғи паркі биологиялық әртүрлілікті сақтау ісін алдағы уақытта да жалғастырады.
KZ

