🌿 Биотехникалық іс-шаралар жүргізілді 🌿
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жануарлар дүниесін қорғау және олардың қыстан аман шығуын қамтамасыз ету мақсатында биотехникалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл жұмыстар барысында жабайы жануарларға қосымша азық қойылып, суаттар тазартылып, қыстақ орындары тексерілді. Мұндай іс-шаралар биоалуантүрлілікті сақтауға және табиғи тепе-теңдікті қорғауға ықпал етеді.
#ҰлытауҰТП #БиотехникалықІсШара #Экология #Биоалуантүрлілік
KZ






