Skip to content

🌿 Ұлытау облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық…

🌿 Ұлытау облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Ұлытау МҰТП қызметкерлері бірлесіп аумақты барлау жұмыстарын жүргізді.

🔎 Барлау барысында қорғалатын табиғи аумақтар тексеріліп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргі жағдайына мониторинг жасалды. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың алдын алу, табиғи ресурстарды қорғау және сақтау бағытында кешенді жұмыстар атқарылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – өңір табиғатын қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және орман мен жануарлар дүниесіне зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу.

🌱 Табиғатты қорғау – ортақ міндет!

#Ұлытау #ОрманШаруашылығы #ЖануарларДүниесі #МҰТП #ТабиғаттыҚорғау #Мониторинг