🌲 Бірлескен оқу-семинар өтті!
Төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету және ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында “Ұлытау” МҰТП мен Ұлытау облысының Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлескен оқу семинарын өткізді.
Семинарда төтенше жағдайға ден қою алгоритмі түсіндіріліп, практикалық жаттығулар жүргізілді. Қатысушылар жедел шешім қабылдау, ақпарат алмасу және күштерді үйлестіру бағытында тәжірибе алмасты.
🚒🌿 Бұл шара — орман өрттерінің алдын алу мен табиғатты қорғауда маңызды қадам.
#Ұлытау #МҰТП #ОрманШаруашылығы #ТөтеншеЖағдай #ОқуСеминар #ТабиғаттыҚорғау #Қауіпсіздік
KZ







