🌿 Ұлттық консультация: Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру және Ұлытау өңірінің табиғи-мәдени мұрасын сақтау
Бүгінде «Тұран жолбарысының реинтродукциясына жағдай туғызу және Ұлытау таулы массивінің тарихи-мәдени және табиғи нысандарын сақтап қалуда қолдау көрсету» жобасы аясында ұлттық деңгейдегі консультациялық жұмыстар басталды.
Кездесу барысында сарапшылар мен мүдделі тараптар жолбарысты бұрынғы ареалына қайта әкелу мүмкіндіктерін, экожүйенің жай-күйін, сондай-ақ Ұлытау өңірінің бірегей табиғи және тарихи нысандарын қорғау тетіктерін талқылауда.
Бұл бастама – еліміздің биологиялық көптүрлілігін қалпына келтірумен қатар, Ұлытаудың табиғи және мәдени мұрасын ұзақ мерзімді сақтауға бағытталған маңызды қадам.
Қазақстанның экожүйесін қорғауда әр пікір, әр ұсыныс маңызды. 🌱🧭
#ТұранЖолбарысы #Ұлытау #ҰлттықКонсультация #Экожүйе #ТабиғаттыҚорғау #МұраныСақтау
KZ






