🔹 Алматы ботаникалық бағында Қазақстанның барлық ұлттық парктері мен қорықтарынан келген 50 өкіл бас қосты.
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының 50 қызметкері, атап айтқанда 14 ұлттық парк, 10 қорық және 7 резерваттың, 2 мемлекеттік ботаникалық бақтың, Топырақтану және агрохимия институты мен Зоология институтының өкілдері тиімді коммуникациялар бойынша тренингке қатысты.
Тренинг 14–16 қаңтар аралығында «GREEN SCIENCE KZ» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып, Қазақстанның ұлттық парктері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ биоалуантүрлілік пен климаттық төзімділікті арттыратын ғылыми негізделген, орнықты орман қалпына келтіру тәжірибелерін енгізуге бағытталған.
Жоба 2026 жылғы қаңтардан қазан айына дейін Ботаника және фитоинтродукция институты мен «Шеврон» компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылады. Жоба аясында Атырау және Орал қалаларында, сондай-ақ Ұлытау облысында білім беру және ағартушылық іс-шаралар өткізу, ал қорытынды іс-шараны Астана қаласында ұйымдастыру жоспарланған.
KZ









