🔹 Ұлытау өңірінің табиғи-мәдени мұрасын зерттеу және туризмді дамытуға ынтымақтастық
«Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК мен «Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында екі мекеме өңірдің табиғи-биологиялық және тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеуге келісті.
Меморандумның мақсаты – ғылыми зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, туристік өнімдерді әзірлеу және экотуризм мен этнографиялық туризмді дамыту арқылы өңірдің мәдени-танымдық әлеуетін арттыру. Ынтымақтастық аясында ортақ жобалар, экспедициялар мен ғылыми-зерттеу шаралары ұйымдастырылатын болады, бұл Ұлытаудың табиғи және тарихи байлықтарын халыққа таныстыруға және сақтау жұмыстарына елеулі үлес қосады.
KZ



