Skip to content

🔹 2025 жылғы 9 қыркүйекте Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі…

🔹 2025 жылғы 9 қыркүйекте Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері табиғат қорғау іс-шаралары барысында Қызыл кітапқа енген дала қыранын жарақат алған күйде тауып алды.

Құстың қанатының бірі сынған. Парк қызметкерлері шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп, артынша қыранды ветеринар маманға жеткізді.
Қыран қазіргі таңда арнайы жерде ветеринарлық бақылауда, толық сауығып шыққан соң, табиғи мекеніне қайта жіберіледі.
Ұлытау ұлттық табиғи паркі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қорғау және сақтау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.