Skip to content

🔹 2025 жылдың өрт қауіпті маусымының қорытындысы шығарылып, 2026 жылға…

🔹 2025 жылдың өрт қауіпті маусымының қорытындысы шығарылып, 2026 жылға дайындық пысықталды.

Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері және Ұлытау облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қатысуымен 2025 жылдың өрт қаупі жоғары маусымының қорытындысы бойынша кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі атқарылған жұмыстар сараланып, орман және дала өрттерінің алдын алу бағытында жүргізілген іс-шараларға талдау жасалды. Өрттің алдын алу, жедел әрекет ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және қызметкерлердің дайындығы мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, 2026 жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық жұмыстары талқыланып, нақты жоспарлар бекітілді. Алдағы кезеңде профилактикалық іс-шараларды күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, арнайы техникалардың дайындығын қамтамасыз ету және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бағытында бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.

Табиғатты қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.